Құқық қорғау органдары

«Тілемсек» республикалық жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр

Бұл өңірде төрт күн бойы жүргізілген республикалық “Тілемсек” акцияның нәтижесі. Аталмыш рейдтер Петропавлда ғана емес, облыстың барлық аудандарында да өткізілуде. Жалпы алғанда, іс шараға ішкі істер органдарының 500-ден астам қызметкері тартылып, сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету, тілемсектік, бал ашу секілді әрекеттерді ерекше бақылауға алған болатын.

Асан Смағұлов – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

–  Жаңа заңнама бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында, қыркүйектің 7 мен 17 аралығында «Тілемсек» жедел алдын алу іс шарасы өткізілуде. Үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып, және қайыр сұраумен айналысқаны үшін 296 азамат жауапкершілікке тартылды. Олардың 3-уі әкімшілік қамауға алынды.

Магжан Ахмадина