Бизнес және экономика

Ұлттық банк ұлттық валютада ашылған депозиттер бойынша бағамдық айырманы төлеу тәртібін бекітті

Елбасының тапсырмасы бойынша жасалған қадамның арқасында енді азаматтар теңгенің еркіндікке жіберілуінен банктер мен Қазпошта желісі арқылы рәсімдеген салымдарының құнын жоғалтпайды. Яғни, бұл сомалар қайта есептелінетін болады. Ол үшін 18 тамыздағы жағдай бойынша есеп-шоттағы салым бойынша қалдық 1 млн теңгеден аспауға тиіс және банкте ақшасы бар тұрғындар осы талапқа сай келсе қазанның біріне дейін қаржы институтына келіп тиісті өтініш беруі қажет. Бұдан кейін азаматар депозитіндегі қаражатты кемінде 1 жыл сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады.

Жалпы, бүкіл ел бойынша 2 млн-ға жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеу жоспарланып отыр екен.
Ақы төлеу шарттарымен Ұлттық банктің сайтында “Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау” бөлімінде танысуға болады. Ал кеңес алу үшін солтүстікқазақстандықтар Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы 6 мекен жайы бойынша немесе 46-50-34, 46-20-14 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады.

 

Данаш Хамзина