Ауыл шаруашылығы

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Аққайың ауданындағы егістік алқаптарын аралады

Павел Леонов, “Леонов” ШҚ жетекшісі:

-Осы жылы пішендеме мен шөптің қоры 700 бас ірі қараға жетеді. Жұмысшылар мен ауыл тұрғындарына шөп дайындап бердік.

“Леонов” ШҚ-дағы жұмысшылар таңның атысымен алқапта тынбай тер төгуде. Олар да күннің жылылығын пайдаланып, жауапты науқанды мерзімінде аяқтамақ ойы бар.

Шаруашылық биыл 3 000 гектарға бидай сеуіпті. Айтуларынша, егін шығымы жақсы. Танап басындағылар осы күні өнімнің көп бөлігін бастыруға кіріскен. “Леонов” ШҚ-ғы арзандатылған дизелдік отынмен қажетті мөлшерде қамтылған. Ауа райы оң қабақ танытса, аграриилер жауапты науқанды алдағы 10 күннің ішінде аяқтамақшы. Осы күні өңір жетекшісі Аққайың ауданындағы басқа да шаруашылықтарында болып, диқандардан бидайдың сапасы мен өнімнің шығымдылығын сұрады.

Владимир Пожиткин, “Симаргл” ЖШС директоры:

-Пшеницу убрали 30 процентов. Получаем 20-21 центнер с гектара. Ещё у нас есть рапс – 800 га обмолотили.

Күзгі орақ науқаны «Полтавское» серіктестігінде де қызу жүріп жатыр. Компнаия еңбеккерлері егінді жинауды тамыздың соңында бастапты. Мұндағылар күніне мың гектарды бастырады. Әзірше әр гектардан 17 центнер өнім алуда. Сары алтынды өнімділігі жоғары 13 комбайн бастыруда. Бүгінде 8 мың гектардың тең жартысы дестеге түсіріліп, 1,5 мыңы бастырылыпты.

Виталий Кильдянкин “Полтавское” ЖШС-де 15 жасынан жұмыс істеймін дейді.

Виталий Кильдянкин, “Полтавское” ЖШС механизаторы:

-Қазіргі техникалар жақсы. Ауа райы б3р0алыпты болып тұрғанда егінді ертерек жинап бітірген дұрыс. Жағдайымызды жасап жатыр. Күніне 3 рет тамақтанамыз. Қолға алатын жалақы да жаман емес.

Осы жерде облыс әкімі Ерік Сұлтанов диқандардың жұмысына жақсы бағасын беріп, жауапты науқанға қанша адамның тартылғандығын сұрап білді.

Елтай Зикирин, “Полтавское” ЖШС директоры:

-На сегодняшний день с привлечёнными до 160 человек.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Какой годовой оборот?”.

-Под миллиард будет”.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Животноводство есть?

-Начинаем.

әкім:

 

-Сколько молока сдаёте?.

– 2-3 тонны сдаём. Он у нас идёт растёл.

Биыл Аққайың ауданының шаруалары жалпы аумағы 110 мың гектардан дәнді және бұршақты дақылдарды жинап алуы тиіс. Осы күні 65 мың. гектарында сары алтын құлатылып, оның 85 пайызы бастырылды. Аудан бойынша орташа гектарынан 15 центнер өнім алынуда. Дәнді дақылдармен қатар аудан диқандары майлы дақылдарды да жинауда. Қазір 22 мың 300-ге жуық гектары құлатылып, 3/1 бастырылды. Орташа гектар берекелігі 8 центнерден айналуда. Бұл күні Ерік Сұлтанов М. Жұмабаев ауданында да болып, егін жинау науқанының қалай жүріп жатқандығын бағамдады.

Берик Касен