Көлік және жолдар

Қаламыздағы Ысмайылов көшесі жөнделуде

Мисак Мовсесян – “МГА дорстрой” ЖШС директоры:

-Біз, Ысмайылов көшесіне жаңа тәсілмен жөндеу жасаудамыз. Мұнда ескі жолдың 15 см-лік қабаты қопарылып алынады. Кейін бұл асфальт үгітіліп, цементпен араластырылған қоспаны қайтадан төсейміз. Дәл осындай суық ресайклирлеу әдісімен республикалық санаттағы 15 км жол жөндедік. Тас жол сапалы болып, ұзақ жылдарға шыдас береді.

Айта кеткен жөн, дәл осы көше арқылы 25М, 16, 4А автобустары қатынайды. Бұрындары көлік тұрмақ, жаяу жүргіншілерге жүріп тұруда қиындық тудыратын тас жол енді тақтайдай тегіс болмақ.

Марат Тасмағанбетов-Петропавл қаласының әкімі:

-Аталмыш істердің барлығы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен атқарылуда. Ысмайылов көшесі қала халқы мен автобус жүргіншілері үшін маңызды. Тас жолмен бірнеше автобус жүреді және жақында Ысмайылов 9 мекен-жайында 42 орынға шақталған балабақша ашылады.

Жол жөндеу жұмыстарына аталмыш көше тұрғындары да дән риза.

Зурәш Тұрсынбаева – Ысмайылов көшесінің тұрғыны:

-Мен қалаға көшіп келгеніме 2 жыл болды. Сол уақыттың ішінде жол жөндеу көрмеді.

Ауа-райы қалыпты болып, жұмыс жасауға мүмкіндік берсе Ысмайылов көшесіндегі қозғалыс 3-4 күннің ішінде қалпына келеді.

 

 

Култанов Байболат