МТРА жаңалықтары

Нұр Отан партиясы СҚОФ төрағасы СҚО әкімі Ерік Сұлтанов солтүстікқазақстандықтарды қабылдады

Дмитрий Бабенко – конькимен жүгіру спорты бойынша халықаралық класстағы спорт шебері

– Сонымен қатар, ары қарай да облыс мені қолдап отырса жақсы болар еді. Себебі әр мекеменің табалдырығын тозыдырып, көмек сұраудан жалықтым. Алдағы олимпиада менің әлем аренасындағы соңғы бәсекем болмақ. Сол себепті де жоғары жетістікке жетсем бе деген ойдамын.

Спортшының өтінішін тыңдаған Ерік Сұлтанов бұл сұрақты шешуге септесетінін жеткізді.

Ерік Сұлтанов – Нұр Отан партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүсті Қазақстан облысының әкімі

– Бюджетіңізді есептейді, спорт министрлігінен қанша қаражат қажет? Қалғанына біз көмектесеміз. Олимпиаданың алтыны қалай болсада бізде болуы керек.

Бұдан соң залға Қызылжар ауданы Трудовая Нива селосының жеке кәсіпкері Талғат Жәнібеков келді. Бүгінде бизнесмен мал шарушылығымен айналысады. Кәсібінен нәсіп тауып жүрген жанның 240 бас қара малы бар. Шарушылықты одан әрі дамыту үшін жер қажет екен. Дәл осындай мәселемен Қызылжар ауданы Вагулино селосының бизнесмені Альфат Хабибулин келді. Бұл кәсіпкерде бүгінде 140 бас қара мал, 156 гектар егістігі мен 50 гектар пішенге қалдырылған жері бар екен. Қызылжарлық бизнесменге мал шаруашылығын дамыту үшін 300 гектар егістік жер қажет болып тұр. Қос кәсіпкердің базынасын тыңдаған облыс әкімі бұл сұрақтарды өз бақылауына алып, алдағы уақытта күрмеуі тарқайтынын айтты. Қабылдауға соңғы болып Жамбыл ауданы Ұзынкөл селосының жеке кәсіпкері, жеті баланың анасы Валентина Тоқаева келді. Бизнесмен өз ауылында шағын наубайхана ашуды көздеп, оған нысанды да сатып алған. Бірақ қондырғы алатын қаржы жоқ, сонымен қатар нысанға жарық тартылмаған. Өйткені кәсіпкерге әлі күнге дейін несие берілмепті.

Валентина Тоқаева – Ұзынкөл селосының тұрғыны, Жамбыл ауданы

– Менің бизнес жоспарым шамамен 7 млн. теңгеге құрылды. Өйткені мен онда көлік тасымалын, шикізат пен керекті қондырғыларды қостым. Енді маған несие алу үшін 30 пайыз өз ақшамды қосу керек.

Ерік Сұлтанов – Нұр Отан партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүсті Қазақстан облысының әкімі

– 1 айдың ішінде кәсіпкердің жобасын әзірлеп, экспертиза жасаңдар. Ол уақыт аралығында мен жарықты тартуға керекті қаржыны табамын.

Жалпы бүгін облыс әкімінің қабылдауында 8 солтүстікқазақстандық болды. Барлығының сұрағына өңір басшысы Ерік Сұлтанов толымды жауап берді.

 

 

Магжан Ахмадина.