Қоғам

Жергілікті кітапхана қоры жаңа туындылармен толықты

Сергей Воронцов, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Ник Вуйчич өмірдің қиындығына қарамастан, барлық кедергілерді жеңе білудің арқасында дегеніне жетті және бақытты болды деп ойлаймын. Одан жастар үлгі алып өмірді, денсаулықты бағаласа деймін.

Бұл көрмеден қазақ ақын-жазушыларының туындыларын да көптеп кездестіруге болады. Сондай-ақ, оқырмандар назарына “Қазақстан халқы Ассамблеясы” тарихи очеркі, “Қазақ хандары”, “Солдаты Победы” атты туындылар ұсынылған. Аталған жинақтар айтулы мерейтойларға арналып басылды. “Қазақ хандары” атты мына кітап 3 тілде басылып шыққан. Жинақта 17 ханның өмірбаяны, олардың ел билеген жылдары мен ұстанған саясаттары жайлы мол мағлұмат берілген.

Қайыржан Мәлікова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қызметкері:

– Қолымдағы кітап “Бәйімбет батыр ізімен. Онда 19 ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында өмір сүрген біртуар батыр – Бәйімбет жайлы айтылады. Ол өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе деазаматтық тұлғасына дақ түсірмей, жерін қорғауға үлес қосты.

ҚР-ның қылмыстық-процесуалдық кодексі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң, еңбек кодексі. Аталған заң жобаларына үстіміздегі жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олардың бәрімен тұрғындар кітапханаға келіп таныса алады. Жалпы сиясы кеппеген басылымдардың арасынан әр саланың маманы өзіне керегін табады. Әр оқырманның талғамына сай, таңдаулы шығармалар мен жинақтар да бар мұнда.

Берик Касен