Қоғам

Нұр Отан партиясының “Бақытты отбасы” мен “Бақытты балалық шақ” жобалары аясында оқушыларға сыйлықтар табысталды

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Тәрбиенің барлығы отбасыдан басталады. Онда балғындар үлкендерді сыйлап-құрметтеуге, еңбекті сүю мен білімге деген талпынысты үйренеді. Отан отбасыдан басталады демекші мемлекетіміздің дамуында бұл институттың атқарар рөлі өте зор.

Айнагүл Рәзиеваның 4 немересі бар. Қазіргі уақытта екеуі Астана қаласында тәлім алса, тағы соншасы ақ жаулықты ана өз қолына алып, тәртиелеуде. Жалпы әжейдің қызы “Қызылжар аналары” көпбалалы аналар қауымдастығына” 7 жылдан астам уақыт бойы мүшелік етіп келеді. Ақ жаулықты ана партиялықтардың осындай демеу көрсетіп жатқандығына разы.

Айнагүл Рәзиева:

–  Партия өкілдеріне алғысым шексіз. Жыл сайын қолдау көрсетіп отырады.

Бүгін Нұр отаннан сыйлық алғандардың бірі Қаламқас Серікбай. Жеткіншек Петропавл қаласындағы 42-ші орта мектепте 7-сыныпта оқиды екен. Тарту-таралғы оқушының көңілінен шықты.

Қаламқас Серікбай:

– Мен бүгін сыйлық алғаныма өте қуаныштымын. Енді үш күн бойы саябақтағы әткеншектерді тебе аламын.

Жалпы кездесуде 10 балаға сыйлық табысталды.

 

Риат Шони