Құқық қорғау органдары

Заңсыз этил спиртін саудалағандар ұсталды

Асан Смағұлов – СҚО ІІД ӘПБ бөлім бастығы:

-ІІО мақсаты осы заңсыз алкоголь өнімдерінің саудасына жол бермеу болып табылады. Ал біз өткізген рейдттік шаралардың тек 2 күнінде ғана 7,5 литрден астам арақ-шарап өнімдері заңсыз саудадан алынды. 5 әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберілді.

Енді арам жолмен ақша таппақ болған петропавлдық заң алдында жауап беретін болады.

Асан Смағұлов – СҚО ІІД ӘПБ бөлім бастығы:

-ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар Кодексінің 282 бабына сәйкес, бұл азаматшаға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын болады. Ал осындай алдын алу шаралары әлі де болсын жалғасын табады.

Жалпы жыл басынан бері өңіріміздің тәртіп сақшылары заңсыз алкоголь өнімдерін саудалағандарға қатысты 15 материал жинап, соның 13-ін сотқа жібеген. Нәтижесінде 20 литрден астам этил спирті тәркіленді.

 

 

Магжан Ахмадина