Қоғам

Петропавлдың кей көпқабатты үйлерінде қыркүйектің соңына дейін ыстық су болмайды

Иолана Здорнова:

-Ыстық судың жоқтығы әбігерге салды. Қазір ауа райы да суытып барады. Кішкентай қызымды жуындыру қиын болып тұр. Оның үстіне сәби болғандықтан киімдерін үнемі жуып отыру керек.

Ыстық су жоқ. Дәл осы бас қатырарлық проблемаға облыс орталығының жүздеген көпқабатты үйлері тап болды. Қала тұрғындары не себепті ыстық сусыз отырғанын біз тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен энергетика басқармасынан сұрап білдік.

Антон Федяев – СҚО тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен энергетика басқармасының басшысы:

-Биыл жылу магистралін салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл орталық жылу таратқыш пунктінен бастап Береке шағын ауданына дейін және сорғыш станциясы орналасқан бірінші магистральдің учаскесі. Бірінші жылу магистралі екіншісімен ұқсас, яғни екіншісі оны жалғап тұр, сол себепті біз біріншісін істей алмаймыз.

Жақын арада гидросынақ 15-ші жылу магистарлінде жүргізіледі. Сол кезде 20-шы шағын аудан тұрғындары уақытша ыстық сусыз қалмақ. Мамандар барлық жұмысты толығымен кезекті жылыту маусымының басталуына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Антон Федяев – СҚО тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен энергетика басқармасының басшысы:

-Магистральдер біртіндеп қосылып, жылу беріледі. Қазір қаланың орталық бөілігін кейін Береке шағын ауданын қосамыз. Барлық жұмыстарды қыркүйектің соңына дейін аяқтаймыз.

Жалпы биылғы жылы Петропавлда 17,5 шақырым жылу желілері күрделі жөндеуден өтіп, қайта салынбақ.

 

 

Риат Шони