Бизнес және экономика

Мерейтойларға арналған монеталар

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

– Бұл екеуінен бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған күміс монеталар әкелінді. Оның құны – 9.100 теңге. Салмағы – 24 грамм.

Сондай-ақ, биыл Қазақстан халқы тойлағалы отырған тағы бір мейрам – «Қазақ хандығының 550 жылдығы». 5 ғасырдан астам тарихы бар еліміздің мерейтойына сый ретінде жасалған естелік монета күмістен құйылып, алтынмен жалатылған.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

 

– Бұл қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. Тарихымыздың бастауы, әрі еліміздің негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар бейнеленген. Олардың артқы жағында – қазіргі тәуелсіз Қазақстанымыздың картасы және ұлттық ою-өрнегіміз. Бұл 9.900 теңге тұрады.

Ұлттық банктің жергілікті филиалынан солтүстікқазақстандықтар мерейтойлық монеталарды сыйлыққа болмаса өз коллекциясын жаңалап отыру мақсатында сатып алады екен. Жалпы Петропавлда жыл басынан 300-ге жуық естелік тиын сатылыпты.

Акбопе Танирберген