Өнеркәсіп

Биыл СҚО 6 айда өндірістік өнеркәсіпорындарында 89,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды

Кен өндіруші өнеркәсіптерде жасалған өнімнің көлемі 0,8 млрд теңгені құрады. Электрүнемдеу, газ таратуда – 22,1 млрд. тенге, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінде – өндіріс – 4 млрд. тенгені құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымда азық-түліктің үлесі 64,5%-ға тең. Машина құрастыру – 21,5, дайын металл бұйымдары – 3,7, резеңке мен пластмассадан жасалған заттар – 2,9, өзгелерінің үлесі – 6,2 %-ды құрады. Айта кетейік, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары шығарған өнім көлемінің басым көпшілігі, яғни облыстық көрсеткіштің 65,5%-ы Петропавл қаласына тиесілі. 2-ші орынға 8 пайыздық көрсеткішпен Ғ.Мүсірепов ауданы тұрақтаған. Одан кейінгі сатыларға Қызылжар, Тайынша аудандары жайғасқан.

Берик Касен