Ауыл шаруашылығы

СҚО мал шаруашылығы даму үстінде

Біздің өңірде “Ірі қара мал етін экспорттау потенциалын дамыту” бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 2800 орынға шақталған бордақылау алаңы және 1700 басқа асыл тұқымды репродуктор-шаруашылығы іске қосылады. Сонымен қатар облыста жыл басынан 1368 мал басына арналған 5 асыл тұқымды репродуктор және 1900 орын бордақылау алаңы құрылған. Солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар арқылы малды белсенді сатып алуда. Солардың ішінде “Сыбаға” бойынша 1631 бас ірі қара мал, “Құлан” бағдарламасымен 1413 жылқы, ал “Алтын-Асық” бойынша 4000 нан артық қой сатылды, деп хабарлайды ауылшаруашылығы басқармасы.

Култанов Байболат