Қоғам

Мереке күні әзілкештер көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Фестивальде СҚМУ мен Мамлют ауданының құрамалары және «Классика» командасы өнер көрсетуде. Өнерпаздар жиылған жұртты орынды қалжыңдарымен езу тарттыруда. Мәселен, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының оқушыларынан жасақталған “Классика” командасының көрермен көзайымына айналғанына бір жыл. Олардың әзілдері негізінен алтын ұяларына арналыпты.

Айдана Нұрмұқан, «Классика» құрама командасының капитаны:

– 1 ай көлемінде дайындалдық. Көрерменге күлкі сыйламақпыз.

Облыстық жайдарман лигасының директоры Ерлік Мұхамеджановтың айтуынша биылғы маусым жаңашылдықтарға толы болады.

Ерлік Мұхамеджанов, СҚО Жайдарман лигасының директоры:

– Биыл 13 ауданды аралап жайдарман ойындарын өткіземіз. Үздік топтар облыс орталығындағы финалдық жобаға жолдама алады.

Сондай-ақ, ауыл-аудандарда оқушыларға арнайы семинарлар өткізіледі. Ал, Петропавлда өтетін облыс әкімінің кубогы ойындары қыркүйектің 30-на белгіленіп отыр.

Акбопе Танирберген