Ауыл шаруашылығы

Ғ.Мүсірепов ауданында жаңа шағын элеватор қолданысқа берілді

Оның ішіне екі көлденең металл сыйымдылық та бар. Олар бидайды жүктеуге және тиеуге арналған төменгі және жоғарғы галереялармен жабдықталған. Сонымен қатар, элеваторда өнімділігі сағатына 50 тоннаның құрайтын астық тазалағыш қондырғы да орнатылған. Бұл тауарлық және тұқымдық бидайдың сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді. “Ақселеу” ЖШС-ің директоры Серік Малаев жаңа нысанның қолданысқа тапсырылуы алтын дәнді дер кезінде жинауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Айта кету қажет, мүсіреповтік диқандар бұған дейін бидайды шаруашылықтан шалғай жерде орналасқан нан қабылдау пунктіне тасымалдайтын. Енді олар уақытты үнемдемек.

 

 

Риат Шони