Аптадағы маңызды жаңалықтар

Конституциямызға- 20 жыл

Соны ұғынған солтүстікқазақстандықтар бір адамдай қаламыздың орталық алаңына жиылып, өңіріміздің шығармашылық ұжымдары ұйымдастырған концертті тамашалады. Көгілдір туымыз түстес киім киген балғындар жұртшылыққа бейбітшілік пен татулық биін ұсынды.

Еліміздің басты құжатын ұлықтау шарасына келгендердің қатарында, Ата Заңның құрдастары да бар. Солардың бірі – Абылайхан Қайроллаев. Ол өзі сияқты жастарға жүктелген міндеттің зор екенін біледі. Сондықтан бүгін туған жеріне кішігірім болсын пайдасын тигізу үшін «Қазақстанның болашағы үшін» студенттер қоғамдық бірлестігінің құрамында конституция жайлы парақшалар таратып жүр. Жалпы белсенді жас бүгіндері елімізде кейінгі толқынға жасалған жағдайдың жақсы екендігін алға тартуда.

Абылайхан Қайроллаев- студент:

–  Жастарға көп көңіл бөлінеді.

Халықта «заңына бағына білген ел ғана озады» деген дана сөз бар. Сондықтан болар, бүгінде ата заңның баптарына сүйеніп, білім алып, еңбек етіп жүрген жерлестеріміз басты құжаттың үлкен мерейтойын назардан тыс қалдырмай, бірге тойлауға жиналды. Ал орталық алаңда әуелеген ән-жыр барша солтүстікқазақстандықтардың Ата Заңға деген құрметін жеткізгендей болды.

Конституциядағы қағидаларды терең түсініп, сақтау – әр азаматтың парызы. Өз халқының құқығы мен жеке бас бостандығын жоғары қойған мемлекеттің келешегі қашанда баянды болмақ. Сондықтан бұл күні дәл сахна жанында, көлемі 2х3 болатын алып конституцияның макеті орыналастырылды. Қасиетті қара шаңырақ астында орын тепкен еліміздің басты құжаты, республиканы мекендеген барша ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілігі мен тұрақтылығының кепілі бола білді. Мұны калаңға жиылған солтүстікқазақстандықтар да айтуда.

Бахыт Бекахметова:

– Еліміз дамып көрскейіп келе жатыр.

Мейрам Жарқынбаев:

– Жастар болсын,зейнеткерлерге жақсы жағдайлар жасалған.

Аянат Сатыбалды:

– Барлығын бүгінгі мерекемен құттықтаймын.

Бақытбек Құсайынов:

– Бүгінгі жарқын мереке құтты болсын.

Бұдан кейін орталық алаңға жиылған жұртшылық Конституцияның 20 жылдығына арналған «Ата Заңым-айбыным» атты патриоттық әндер байқауын тамалашады. Сайыста өз қарым-қабілетін сынап, қазылар-алқасын өнерімен тамсандыруға 9 солтүстікқазақстандық келіпті. Петропавл мен өңір аудандарынан жиылған өнерпаздар еліміздің дамуы, әсем Астанамыз бен дархан қазақтың даласы жайлы әндерді шырқады. Айгерім Садуева байқауға Жамбыл ауданының намысын қорғамаққа келіпті. Алғаш болып сахнаға шыққан ол «Қазақстан тұраным» атты өзі шығарған әнді орындады.

Айгерім Садуева- байқауға қатысушы, Жамбыл ауданы:

– Бұл ән ел даумынан, жетістіктерінен сыр шертеді.

Қазақстандықтардың бүгіндері қол жеткізген жетістіктері түгелдей басты құжатымызбен тығыз байланысты. Оның аясында тиісті салалық заңдар қабылданып, халық игілігіне қызмет етуде.

Магжан Ахмадина