Қоғам

Өңір азаматтары елімізде қабылданған жаңа экономикалық саясатты тиімді пайдалануға үндеуде

Әсемгүл Есқожа – “Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

– Жаңа ақшалай-кредиттік жүйенің қабылданғаны бірден-бір дұрыс шешім болды. Еліміздің дамуына жаңа экономикалық саясат зор ықпалын тигізетіні сөзсіз. Мәселен, шағын және орта бизнесте. Өйткені бұл экономикамыздың негізін қалаушы сатының бірі. Елімізде тауардың түр-түрін шығаратын шикізат бар. Енді осы жаңашылдықтың арқасында кәсіпкерлер біраз еңбек етсе, ел экономикасы алдағы жылы біраз дамитыны сөзсіз.

Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов та ақшалай-кредиттік жүйенің енгізілгендігін толығымен құп көреді. Өйткені ол болашақта елімізге тұрақтылық әкеледі дейді.

Наиль Салимов -Обдыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

– Жаңа экономикалық саясат елімізді алға жылжытатыны сөзсіз. Мәселен, кәсіпкерлерді алайық. Бүгінде біздің елімізде бизнес иелеріне үлкен қолдау көрсетілуде. Қомақты сомадағы субсидиялар беріліп жатыр. Қазақстанның экономикасын алға жылжытатын да солар. Сол себепті, олар осынау уақытта бар күштерін салып еңбектену қажет. Ал бастысы қазақстандықтар бірлік пен татулықта өмір сүруі тиіс. Өйткені, еліміздің басынан өтіп жатқан қиыншылықтарды біз тек соның арқасында жеңе аламыз.

Бүгінде Қазақстан бірліктің арқасында алуан асуларды бағындырып, әлемге өзін Тәуелсіз мемлекет ретінде танытқан ел. Және болашақта да биік белестерден көрінетіні сөзсіз.

 

Айгерим Ержанова