Балалар

Облыстағы зауыт жетекшілері жетім балаларға мектеп құралдарын табыстады

Бүгін облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа “Петропавл арақ зауыты БН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы аялдады. Бұл жолы зауыт өкілдері құр қол келмей, жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен принтер алып келіпті. Жалпы, кәсіпорын мектеп-интернаттағы “Балапан” жанұясында тәрбиеленіп жатқан балғындарға 16 жыл – қолдан келгенше көмек беріп келеді.

Рүстем Алибеков – “Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС директорының орынбасары

– Біздің зауыт мектеп-интернаттың “Балапан” жанұясына мүмкіндігінше заттай немесе қаржылай көмек беріп келеді. Жақында “Мектепке жол” акциясы аясында есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатқа ақшалай көмек көрсеттік. Бұл қаржыға мектеп басшылығы оқу құралдарын сатып алды. Сондай-ақ, тағы 1 отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыға мектеп киімін алып бердік.

 

Бакыт Садуакасов