Білім

«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Анар Мұқашева- СҚО әділет департаменті алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

–  Жылда осындай балғындарға көмек көрсетуге тырысамыз. Ал биыл жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, сыйлықтар әзірледік. Балалардың қуанышты жүзін көру біз үшін үлкен бақыт. Оларға шаттық сыйлау үшін соншылықты көп қаржының да керегі жоқ.

Дамир мен Ділназ Тасым екеуіде 9 сыныпта оқиды. Ал кішкене бауырлары Абдырахманға небәрі 8 ай болған. Оларды анасы жалғыз тәрбиелеп жатыр. Әкелері болса, алимент төлеуден де бас тартқан. Бүгін сыйлық алып жүздері бал-бұл жайнаған қос бауыр, мақтанышпен бір-біріне дәптер, қалам, қарындаштарын көрсетуде.

Дамир Тасым- Әл-Фараби мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы:

– Маған сыйлықтар ұнады. Альбом бар. Сурет салғанды ұнатамын.

Ділназ Тасым- Әл-Фараби мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы:

– Сыйлықтар ұнады. Енді тек сабағымды 5-ке оқуға тырысамын.

Жалпы бүгін сот орындаушыларының сыйлығына 19 бала ие болды. Олар мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылып, енді оқуға тас түйін даяр.

 

Магжан Ахмадина