Қоғам

Жылжымайтын мүлікті жария ету науқаны желтоқсанның 31-і аяқталады

Әсем Рамазанова, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

-Естеріңізге салайық, мемлекеттік кірістер басқармасы шетелдердегі құнды қағаздарды, ақша мен жылжымайтын мүліктерді тіркеумен айналысады. Елімізде мүлікті жария ету науқанына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шарасы қарашаның 30-ына дейін жалғасады. Уақыттың шектеулі екендігін ескертіп, салық төлеушілерді акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Туындаған сұрақтарыңызды Мир көшесі, 85 мекенжайындағы 32-ші кабинетке келіп қоюға болады.

 

Берик Касен