Білім

“Мектепке жол” акциясы қырқүйектің соңына дейін жалғасады

Мәселен, Светлана ГОлышева немересі Даниилді жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 3-ші топтың мүгедегіне баланы мектепке даярлау оңайға түспесі анық. Жарымжан әже бұл жағдайда қолдау танытып, көмек қолын созғандарға дән риза.

Светлана Голышева, ата-ана:

-Немерем 3-ші сыныпқа аяқ басты. Сенері жалғыз мен. Даниилды қамқорлығыма алған уақыттан бастап, үкімет тарапынан түрлі көмектер беріледі. Бала өскен сайын керек-жарақтардың қатары арта береді екен. Бізді елеп-ескеріп отырған қайырымды жандарға алғысым шексіз.

Биыл қалалық 21-мектептің аз қамтылған отбасыларынан шыққан 63 оқушысы түгелдей кеңсе тауарларымен қамтылып отыр. Бұл мақсатқа жалпыға білім беру қорынан 158 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ, Сбербанктің жергілікті филиалы білім ұясының 2 жылдан бергі демеушісі.

Азамат Сәдуәқасов, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының бас менеджері:

-Сбербактің қалалық филиалы «Мектепке жол” акциясының 5 жылдан бергі қолдаушылары. Бүгін оқу құралдары салынған 3 оқушы сөмкесін әкелдік. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың балаларына берілмек. Жалпы биылғы жылы қаланың 12 мектебіне жазу-сызу құралдары толы дәл осындай 50 сөмке сыйға тарттық.

Мектеп директоры Болат Сатыбалдиновтың айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға жыл бойына түрлі деңгейдегі жәрдем көрсетіліп тұратын көрінеді.

Болат Сатыбалдинов, №21 мектептің директоры:

-Көмек көрсетуді үзбейбіз. Мысалы бұл 63 балаға жыл бойына тегін тамақ берілетін болады.

Білім ошағында 600 оқушы білім алады. Оның ішіндегі,тұрмыстық жағдайы төмен 63 балаға оқулықтар бірінші кезекте үлестіріледі.

 

 

Акбопе Танирберген