Қоғам

“БЖЗҚ” АҚ көрсететін электрондық қызметтерін солтүстікқазақстандықтар жиірек пайдаланады

Данияр Маекенов, “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ сервис орталығының меңгерушісі:

-Биылдан бастап БЗЖҚ-ның салымшылары зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты е-гоф электрондық үкімет порталы мен халыққа қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, зейнетақы салымдары мен аударымдары туралы ақпаратты ұялы құрылғыларға арналған БЖЗҚ арнайы қосымшасы арқылы білуге болады. Ұялы қосымшаны планшет пен смартфонға жүктеп алуға болады.

Қаржы институты мамандарының айтуынша, үстіміздегі жылдың 6 айында СҚО-сы бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттары 342 036 бірлікке жетті. Нәтижесінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 132 млрд. теңгеден асыпты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-39 жас аралығындағы ерлер мен нәзік жандыларға тиесілі екен.

Данияр Маекенов, “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ сервис орталығының меңгерушісі:

-2015 жылдың 6 айында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 2,6млрд. тг. сомасында зейнетақы төлемдері төленді. Оның ішінде 155 млн.тг сақтандыру ұйымдарына аударылды.

Өңірімізде “БЖЗҚ” АҚ бөлімшелері барлық аудандарда бар.

 

 

Берик Касен