Қоғам

Пилоттық жоба аясында көпқабатты баспананың қасбеті жөнделуде

Дәулет Қалиасқаров – Петропавл қалалық әкімдігі тұрғын үй инспекциясының жетекшісі:

-Қазір Мағжан Жұмабаев көшесі, 108 мекен-жайындағы тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде үйдің қасбеті боялып, ескі балкондар жаңасына алмастырылады. Осылайша, форум қарсаңында бұл үй жаңа кейіпке еніп, қала көркін аша түседі.

Жергілікті билік өкілдерінің бұл үйді таңдуы бекер емес. 5 қабатты тұрғын үй өзге баспаналардан қарағанда ықшам, әрі орталықта орналасқан. Жалпы пәтер иелері көпқабатты баспананы жаңғыртуға кеткен шығындарды өтемейді. Шарапаты мол іске пәтер иелері алғыстарын жеткізуде.

Иван Пороло – “Жұмабаев 108” ПИК төрағасы:

-Пәтер тұрғындары үйдің жөндеуден өтіп жатқандығына алғыстарын айтуда. 1971 жылы салынған баспана күрделі қалпына келтіруді талайдан қажет еткен еді.

Егер пилоттық жоба сәтті жүзеге асып, қолдау тауып жатса, алдағы уақытта шаһардағы өзге үйлерді де осындай үлгіде жаңғырту жоспарда бар.

Игорь Овчинников – “ТОРЕ-ЧИНГИЗИД ЛТД” ЖШС құрылтайшысы, Астана қаласы:

-Біздің қоспа шығаратын кәсіпорынымыз Түркия елінде орналасқан. Құрылыс материалы бірнеше сараптамадан сәтті өтті. Сәйкесінше, мұндай қоспамен сырланған үйдің қасбеті +50 градус пен -50 градусқа дейінгі температураға шыдас береді. Құрылыс қоспасының қалыңдығы 3 см-ді құрайды.

Болашақта компания құрылтайшылары теріскей жерінде құрылысқа қажетті қоспа шығаратын шағын зауытты іске қосып, бұл істі оң жолға қоюды мақсат етіп отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов