Билік

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Жыл сайын отандық тауар өндірушілердің бәсекелестігін арттыру, халықтың қазақсмтандық өнімге деген сұранысын өсіру мақсатында «Қазақстандық үздік тауары» республикалық байқау көрмесі ұйымдастырылады. Арнайы комиссия байқаудың қортындысын шығарып, біздің облыстың тауарын республикалық кезеңде қорғайтын кәсіпкерлерді анықтады.

Өңір жетекшісі жүзден жүйрік атанған кәсіполрын басшыларын марапаттады. Олардың қатарында жеке кәсіпкер- Жандос Мадигаж да бар.

«КЭСС» ЖШС шығаратын өнімдер үлкен сұранысқа ие. Сондықтан тұтынушылардың көңілінен шыққан кәсіпорын өнімдері, қазылар алқасының да жоғарғы бағасына ие болды. Әрине бұл серіктестік үшін алғашқы жеңіс емес. Десе де, олар «Үздік азық- түлік тауары» аталымында 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталып отыр.

Иса Мехти- оғлы- «КЭСС» ЖШС директоры.

-Біздің ұн үгу комбинаты күніне 600 тонна өнім өңдейді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан біз қуаттылығымызды арттырып, аздаған уақыттан кейін 1200 тонна өнім өндіруді көздеп отырмыз. Әрине осындай байқаулар бәсекелестікті арттырып, бізді үздік болуға жетелейді. Әрине марапат алып отырғанымызға өте қуаныштымын. Десе де бұл үлкен ұжымымыздың жемісі деп білемін.

Өңірлік байқау қортындысы бойынша үздік деп танылған 9 кәсіпорын, аймақ намысын республикада қорғайтын болады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Сіздер бүгін Солтүстік Қазақстан облысында үздік деп танылып отырсыздар. Енді республикада да сол межеден төмендемейді деп ойлаймын. Үлкен сенім артамын.

Жиын соңында аймақ басшысы өңіріміздің тауар өндірушілерін қараша айында өтетін инвестициялық форумға қатысуға шақырды. Бұдан бөлек мемлекет қолдауын пайдаланып, белсенді жұмыс жасау керектігін ескертті.

 

 

Магжан Ахмадина.