МТРА жаңалықтары

Халықтың бос уақытын тиімді өткізуге қажетті орталықтар ашылды

Қанат Құрманғалиев- Аралағаш ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы, Аққайың ауданы:

-Мұнда жасөспірімдер бос уақытындай дойбы ойнап, ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сынға түседі. Ән-күйге арналған кештерде өз өнерін көрсете алады. Мерекелер де осы жерде өтетін болады. Қарт адамдар да келіп қатыса алады.

Жергілікті кәсіпорынның демеушілік көрсетуімен ғиратақа жөндеу жасалып, бос уақытты өткізу орталығы есігін айқара ашты. Елді- мекенде 200-дей үй түтін түтетіп отыр. Мұнда 700-ден астам адам тұрса, соның 300-ге жуығы жастар.

Ақмарал Нұғыманова- ауыл тұрғыны, Аққайың ауданы:

-Осы бос уақыт өткізу орталығы ашылғанан кейін, біздің жастарымыз далада қыдырмай осы жерге келетін болады. Осыған ауыл тұрғындары ризашылығын білдіреді.

«Черкасское» ЖШС тағы аудандағы Добровольское елді-мекенінде де осындай орталықтың ашылуына мұрындық болған. Конституция күні қарсаңында мұнда да орталықтың салтанатты түрде таспасы қиылды. Мәдени ошақтың пайда болғанына қуанған жұртшылық шашу-шашып, думандатып тойлауда. Жергілікті өнерпаздар да мәдени шараның көркін аша түсті.

Юлия Гаврик- Черкасское ауылдық округінің әкімі, Аққайың ауданы:

-Біздің округ қарамағына 3 ауыл кіреді. Солардың бірі- Добровольское. Мұнда 291 адам тұрады. Ауыл тұрғындары өте белсенді. Түрлі мерекелік шараларға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бірігіп қатысады. Сондықтан осындай оралықтың ашылғаны елді-мекен тұрғындары үшін үлкен жаңалық. Бұл жерде жастарға арналған би кештері ғана емес, сонымен қатар концерттер ұйымдастырылып, қарт адамдар да бас қосып, әңгіме-дүкен құра алады. Қонақтар да қабылдауға да қажетті нысан болмақ.

Жалпы ауданда 32 елді-мекен бар болса, мәдени ошақтардың саны-29.

 

 

Магжан Ахмадина