Өнеркәсіп

Петропавлдағы “Қазетөнімі” ЖШС-гі өндіріс көлемін ұлғайтпақшы

Осы күні компания ескі қондырғыларды жаңасына алмастыруда. Серіктестік басшылығы алда жұмысшылардың санын көбейтіп, ассортиментті ұлғайтпақшы. Қазірдің өзінен олар жартылай фабрикаттарды шығара бастаған.

Татьяна Куликова, “Қазетөнімі” ЖШС-нің бас технологы:

-Шикізаттың бәрі өзіміздікі. Тек тұздықтар мен дәмдеуіштерді шетелдерден алдырамыз. Соған қарамастан бағаны өсірмейміз. Өйткені тұрақты клиенттерімізді жоғалтып алғымыз келмейді. Қайта тұрғындардан жергілікті өнімге сұраныс артса екен дейміз.
Ол кәсіпорынның өндірісін одан сайын жандандырары сөзсіз. Біздің тауарды енді Северный және Семейный супермаркеттерінде кездестіруге болды.

Облыс орталығында “Қазетөнімі” ЖШС-нің ет өткізетін 10-нан астам сауда нүктесі бар. Онда 140-қа жуық тауар аталамы өндірушінің бағасымен сатылады. Тұтынушылар арасында әсіресе, жылқы етінен әзірленген, шұжық, жал-жая мен доктор, эстонская аталымындағы шұжықтар кең сұранысқа ие.

Қанатбек Жакетов, қала тұрғыны:

-Мұндағы өнім бағалары жарайды. Қолжетімді бағамен қалаған ет өнімдерін сатып алуға болады.

Жерлестеріміз Елбасының шешімін толығымен құптауда. Олар теңгенің еркін айналымға жіберілуі отандық кәсіпорындардың дамуына оң әсерін тигізеді деген сенімде.

 

Берик Касен