Құқық қорғау органдары

«Қауіпсіз жол» операциясының қорытындысы

«Сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы естен шығарған тағы 340 солтүстікқазақстандық қауіпсіздік белдегін тақпағаны, 209-ы рөлде телефонмен тілдескені үшін жазаланса, 5-уі жолдың қарсы бағытына шығып кетті деп айыпталған. Бұдан бөлек, қоғамдық көлік тізгіндегендер де аяғын шалыс басып, қателікке бой алдырған. Ондайлардың саны- 158.

Болат Кәрімов- СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

-Әкімшілік жауапкершілікке 174 жаяу жүргінші де тартылды. Бұл шара әлі қарай да жалғасын табады. Солндықтан жүргізушілер жол ережелерін сақтағаны абзал.

Жалпы жыл басталғалы бері, өңір полицейлері, өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндіріп, ащы суға тойып алып рөлге отырған 1800 солтүстікқазақстандықты ұстапты. Соның әр 6-сы әкімшілік қамауға алынған.

Магжан Ахмадина