Мәдениет

Үндістер Петропавлда

Петропавлға Эквадор республикасының Отавало қаласынан келген өнерпаздар Альберто Маралис Чиса мен Эрнесто Агилар өздерінің ұлттық музыкалық аспапатарында ойнап, үндістердің кичуа әнін орындауда. Осыған дейін бұл топ еліміздің бірнеше қаласында болыпты, 2-3 күннен соң тағы жолға шықпақ. Бұдан бөлек, өзге құрлықтан келген меймандар түрлі қолөнер бұйымдарын, тұмар мен әндері жазылған дискілерді саудалауда.

Адриана Мартинес мейман, Эквадор республикасының тұрғыны:

-Халық әндерін орындайтын өнерпаздардың әуенін ұлттық сампонья, Пана және Кена флейталары сынды музыкалық аспаптар сүйемелдейді. Олар үндістердің ұлттық киімдерін киіп, көпшіліктің назарын өздеріне аударады. Олар қазақ, орыс тілдерін білмейді. Десе де, елдеріңіз көңілімізден шықты. Шынымен де қонақжай екен.

Магжан Ахмадина