Құқық қорғау органдары

Облыс полицейлері аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп жасындағы балаларға кеңсе тауарларын сыйлауда

Валерия Меркушина:

-Читать, писать. Но пишу я еще плохо, чуть-чуть. Я буду стараться хорошо учиться.

Биыл Меркушиндер жанұясында екі бірдей оқушы мектеп партасына отырмақ. Отағасына қос бірдей балғынды мектепке даярлау қиынның қиыны. Тәртіп сақшылары аз қамтылған жанұяға мектеп сөмкесі мен алуан түрлі кеңсе тауарларын сыйлады.

Сайран Сәркенов – СҚО ІІД ӘПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы:

-СҚО ІІД бастығының тапсырмасымен тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларының тізімін жасады. Бүгін облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов көмекке мұқтаж отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға оқу құралдарын сыйлады. Мұндай қайырымдылық шаралары аудандарда да жүргізілетін болады.

Жаңа оқу жылы қарсаңында полицейлер мен ұстаздар бірлесіп, мектеп жасына жеткен әр бала партаға отыруы керек деген ұстанымда көмек қолын созып келеді.

Бақыт Сәдуақасов облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді

 

 

Бакыт Садуакасов