Қоғам

Ата заңның 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде

Ерлан Әбілмәжін, “Мэйлос” триосының солисті:

-Айтулы мейраммен құттықтау үшін арнайы келдік. Тәуелсіз еліміздің көркейе беруін тілейміз. Ауыл тұрғындарына меркелік көңіл-күй сыйлағымыз келеді.

Әсем әндерді әуелеткен әншілердің өнері жергілікті жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады.

Қайырден Көшкенова, Заречный кентінің тұрғыны:

-Ата-азаңымыздың 20 жылдық мерейтойында осындай меркелік шара өтіп жатыр. Көңіл-күйіміз көтеріліп қалды.

Мадина Қожағұлова, Заречный кентінің тұрғыны:

-Бүгінгі іс-шара көңілімізден шықты. Жастар келіп конценрт қойып жатыр. Бұл ауыл тұрғындары үшін қуаныш.

Бұдан былайғы уақытта, бұл өнер ұжымдары жұма сайын қала маңындағы Былғары зауыты, Жұмысшы, Ойқала, Солнечный сынды бірақатар кенттерді аралап, мерейтойлық концерттік бағдарламасын ұсынбақ.

-Сондай-ақ мұнда кент тұрғындарының сұрақтары мен тілектеріне арналған жәшік орнатылған. Осылайша, Заречныйлықтардың қалалық әкімдікке жолдаған хатына міндетті түрде жазбаша жауап келетін болады.

 

Акбопе Танирберген