Қоғам

Жұмысшы кенті мен шаһарды байланыстыратын көпір 7 күнге жабылады

Көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы шілде мен қараша айлары аралығында жүргізілген. Алайда, көпірдің жіктерін жасап, нысанның темір-бетон конструкцияларын бояу – келер жылға қалдырылыпты. Сол себептен көпірдегі асфальт жарылып жатыр деп айтуға еш негіз жоқ, – дейді шаһар әкімі Марат Тасмағанбетов.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Қазіргі таңда бұл жұмыстарды атқаруға керекті материалдар алынды.Тамыздың 21-нен 22-не қараған түні аталған көпірдегі жол қозғалысы тоқтатылады. Ал жаяу жүргіншілерге көпір арқылы қатынауға тыйым салынбаған.

Жалпы көпірдің жіктерін байлау – алып нысандағы темір-бетон конструкциясының беріктігін сақтау үшін қажет. Мердігер серіктестік өкілдері, құрылыс нысанындағы жұмысты 1 аптаның ішінде аяқтаймыз, – деп отыр.

Андрей Витюшев – “Мостостроительный отряд №25 имени Рязанова Александра” ЖШС учаске басшысы:

-Көпір асфальтіне ешбір зақым келмейді. Тек сметада көрсетілгендей көпір жіктерін орнатамыз. Жөндеу жұмыстарын қажет болса күні-түні жүргізетін боламыз.

Енді 7 күн бойы көлік иелеріне “Оңтүстік” бекеті арқылы қатынауларына тура келеді. Бұл әрине, уақытша ғана ыңғайсыздық. Сондықтан “сабыр түбі сары алтын” деген қағиданы ұстанған абзал.

 

 

Бакыт Садуакасов