Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір ұстаздары облыстық тамыз кеңесіне жиналды

Мұнда өңір оқушыларының бойына білім нәрін сіңіріп жүрген теріскейдің ұлағатты ұстаздарының басы қосылыпты. Сондықтан өткен жылғы оқу жылының қортындыларын шығарып, алдағы жылға жоспар құратын сәт келіп жетті. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, бүгіндері кішкентай бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту үшін жүйелі жұмыстар жасалуда. Бұл ретте үлкен проблема Петропавл қаласы бойынша туындап отыр. Әлі 4- мыңнан астам балғын балабақшаға өз кезегін күтуде. Мәселе жуық арада шешімін табуы тиіс. Қазірдің өзінде бірнеше мектепке дейінгі білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, 2016 жылға қарай бұл көрсеткішті 98 пайызға жеткізу көзделген. Өңірде апаттық және 3 аусымдық мектептер мәселесі де оң жолға қойылған. Аймағымыздың оқу ордалары дуалды оқыту жүйесін енгізуде де жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Алдағы уақытта олардың қатары да артпақ.

Шолпан Каринова- СҚО білім басқармасының басшысы:

-2016 жылы дуалды оқыту жүйесіне көшкен колледждердің саны 33-тен 50 пайызға дейін артады. Ал биыл 3 оқу ордасы аталмыш жобаға еніп отыр. Ол Аққайың ауданындағы аграрлық, Ленинград және Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледждері. Бүгіндері кәсіпорындармен келісімдер жасалып, ұстаздар қауымын қайта даярлау жұмыстары жүргізілген.

Кейін сөз тізгіні маңызды тақырыптарды қаузаған баяндамашыларға берілді. «Білімнің тақырыбын жаңарту жағдайында білім беру процесін жобалау» бұл облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының директоры-Ержан Әубәкіровтің таңдаған тақырыбы. Ол қазіргі күні балалар мектепте алған білімін өмірде қолдана алмайды дейді. Ал заман талабы бізге керісінше болуды үйретеді. Сондықтан ол PBL әдісін, яғни жоба негізінде оқыту жүйесін енгізуді ұсынады.

Ержан Әубәкіров-облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының директоры:

-Біз АҚШ-қа барып осы әдістің қыр-сырын зерттеп, тәжірбие жинақтап қайттық. Жоба негізінде оқыту дегеніміз ол 21 ғасыр, білім стандарттарына сай үздіксіз зерттеу нәтижесінде, проблемалық нәтижелерді қарастыруды үйрететін оқушыларды өз бетімен шешім шығаруға машықтандыратын білім беру әдісі. Біз балаларды мектеп қабырғасында өмір сүруге үйрету керекпіз.

Бұдан соң аталмыш мектептің оқушылары өздерінің жобаларын көпшілікке таныстарды. Олар «Қазақ хандығының тарихы» атты компьютерлік ойынды жасап шығарған. Онда қазақ хандығы құрылған сәттен бастапқы тарихи кезеңдер көрсетілген. Яғни, тарихты оқу ордасында қаншалықты оқып үйренгеніңді, ойынның кезеңдерін өту арқылы байқауға болады. Егер сабақта 5-ке оқысаң, онда ойынның турларынан өту еш қиындық тудырмайды. Тағы жиында ұстаздар қауымына «Ата-ана бақылауы» бағдарламасы түсіндірілді. Ол жасөспірімдердің интернет желісінде бөгде сайттарға кірмей, тек керекті ақпаратты алулары үшін маңызды болмақ. Кейін сөз кезегін алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты- Әсима Бимендина жас ұрпақты білімді, өнегелі етіп тәрбиелеуде ұстаздар қауымына жүктелген міндеттің зор екендігіне тоқталып өтті. Санаулы күнен кейін барлық мектептер өз есігін айқара ашып, жаңа оқу жылы басталады. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жиналғандарды осы маңызды күнмен құттықтады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Бүгінгі күні білім беру саласы- мемлекет саясатының басым бағыты. Бүкіл әлем танып отырған қазақ елінің жастары білімді, жан-жақты дамыған, отанын сүйетін, белсенді азаматтар болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның келбетін айқындайтын парасатты тұлғалар мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан ұстаздар қауымына жүктелген міндет зор.

Құттықтау сөзден соң, аймақ жетекшісі білім беру жүйесіндегі ұзақ жылғы, адал еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін бірқатар солтүстікқазақстандық ұстаздарды Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады. Бұдан кейін кезек министрліктің наградаларына келіп жетті. Білім саласының 3 маманы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен тағы 4 адам «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальға ие болды. Соңғысын иемденгендердің қатарында Уәлиханов ауданы қазақ мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Әмір Мәжитов те бар.

Әмір Мәжитов- Уәлиханов ауданы қазақ мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі:

-Бұл медаль алғаным, көп жылғы еңбегімнің арқасы. Физика пәнін 38 жылдан артық уақыт беріп келемін. Биыл 4 оқушым грантқа оқуға түсті. Сондықтан жаңа оқу жылында оқушылармен, мектеп ұжымымен жаңа жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Өткен жылы «Үздік орта білім беру ұйымы» атағын бірінші лицей жеңіп алған болатын, ал биыл ол титул облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік мектеп- лицейіне бұйырып отыр. Сондықтан оларға өңір жетекшісі 16 млн теңгенің сертификаты мен кубок табыстады. Бұл заңды да, өйткені білім ошағы шыныменде мықты шәкірттерді даярлап келеді.

Ержан Әукәкіров-облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының директоры:

-Осы оқу жылы біз үшін өте тиімді болды. Көп оқушыларымыз халықаралық сайыстарда жеңіске жетті. 100 шақты баламыз дереже алды. ҰБТ ортындысы бойынша 104 деген ұпай алдық. Облысымызда бірінші болдық.

Дәстүр бойынша ұстаздық жолға енді қадам басқан мамандарға жиынға қатысушылар сәттілік тіледі. Төрден орын алған жас оқытушыларға «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы тосын сый әзірлепті. Оларға қаржы институты өздерінде есеп ашылғандығы жөніндегі сертификаттар табыс етті. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағандардың бірі- Жансұлу Есенова. Кішкентайынан мұғалім болуды мақсат еткен жастың арманы енді орындалып отыр.

Жансұлу Есенова- М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің биология пәнәнің мұғалімі:

-Әр адам бұл өмірде өз жолын қалдыру керек деп ойлаймын. Ал ұстаздық қызмет ол жауапт. Сондықтан мен шәкірттеріме бар білімім мен тәжірбиемді беруге тырысамын. Келешекте теориямен практиканы ұштастырып жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Жиын соңында жақсы көрсеткіштерге ие болған үздік білім беру ұйымдарына 100 мың теңге көлеміндегі облыс әкімінің сыйақысы тағайындалды. Тағы 20 ұстаз аймақ жетекшісі ұсынған 30 мың теңге көлеміндегі сыйақыларға ие болды.

 

 

Магжан Ахмадина