Спорт

Өңір каратэшілері катадан ҚР чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

Аян Тортаев, каратэден ҚР спорт шебері:

-Қарсыластарым Қарағанды және Семей қаласынан болды. Ката жаттығуларын таза орындап, үш айналымнан сәтті өттім.

Сондай-ақ, катадан ел чемпионатында Исмаил Бикбаев 3-ші орынға қол жеткізді. Жалпы солтүстік өңірінен сайысқа 11 адам қатысты. Олар жалпыкомандалық есепте үздіктердің қатарынан көрінді.

Владимир Витченко, Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының СҚОФ директоры:

-Біз мұнымен тоқтамаймыз. Биыл қазан айында Германияда ересектер арасында каратэтен әлем кубогі өтеді. Оған еліміздің атынан солтүстікқазақстандық Евгении Дулов аттанады. Оған қоса
шәкірттеріміз Еуразия чемпионатына қатыспақшы.

Владимир Витченконың айтуынша, жыл сайын каратэ залдарында 1000-нан астам адам жаттығады. Санатынада ересектер де бар. Алдағы уақытта бұл шығыс өнері аудандарда қолға алынады.

 

 

Берик Касен