Құқық қорғау органдары

СҚО-да ІІД бөлімшелері тексерістен өтуде

Бақылауға іліккендері – тұрғындармен тікелей әрі күнделікті жұмыс жасайтын басқармалар. Бүгінге дейін ІІД бастығы Берік Біләлов бірнеше мекемені аралаған. Ең бірінші, өңірдің бас полицейі мамандарылған халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұқты. Ол жердегі тіркеу және емтихан бөлімінің қызметіне баса назар аударды. Полиция генерал-майоры одан бөлек, әкімшілік полициясының басқармасын да аралады. Ғимараттың қазіргі сиқына көңілі толмаған Берік Біләлов, мекеме ұжымына жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал көші-қон полициясы басқармасы орналасқан ғимаратқа ішкі жөндеу жұмыстары осы уақытқа дейін жасалған екен. Ондағы бос орындар қосымша кабинет ретінде жабдықталыпты. Департамент бастығына бұл жерде халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында барлық жағдай жасалғаны баяндалды.

Гүлнара Куандықова – Петропавл қаласы ІІД әкімшілік полициясының бөлім бастығы:

– Көші-қон полциясы – шетелдіктердің уақытша тіркелуі, ҚР тыс жерлерге тұрғылықты мекен ретінде орналасу, виза рәсімдеу, ҚР тұрғылықты мекен ретінде таңдау, ҚР азаматтығын алу сынды сұрақтар бойынша күніне 120 азаматты қабылдайды. Сондай-ақ, көші-қон полциясының қызметкерлеріне халықпен күнделікті әрі тікелей жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалған. Қызмет көрсету орны да жөндеуден өтті.

Акбопе Танирберген