МТРА жаңалықтары

Петропавлда екі ел басшыларының кездесуіне дайындық шаралары басталып кетті

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Ендігі жылы қаламызда екі ел Президенттері кездесіп, аймақаралық форум өткізіледі. Жоғары деңгейдегі шараға дайындық жұмыстары басталып та кетті. Мәселен, қазірде облыс орталығының басты көшелерінде асфальт қабатын жаңарту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ауа райы кедергі жасамаса, кестеге сәйкес қыркүйек айының соңында аяқталады.

Оң өзгерістер мұнымен шектелмейді. Сонымен қатар, шаһардағы жолдың жиектастары жаңасына ауыстырылып, заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылып жатыр.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Тағы облыс орталығындағы көшелерде орнатылған ескі бағдаршамдар жаңасына алмастырылуда. Оны да жыл соңына таман аяқтауды көздеп отырмыз. Аталған жұмыстарды 5 мердігер серіктестік жүргізуде.

Жалпы облыс орталығындағы мұндай оң өзгерістерге тұрғындар да қуанышты. Тек, ауқымды шаруаның атқарылуына байланысты кей көшелер уақытша жабулы тұр. Сондықтан жаяу жүргіншілер мен темір тұлпар иелері бұндай қолайсыздыққа түсіністікпен қараса дейміз.

 

Бакыт Садуакасов