Қоғам

Жемқорлықпен күрес шаралары қарқынды жүргізілуде

Артур Молдағұлов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Жемқорлықпен күрес шаралары тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар күллі қоғамда жүргізілмек. Яғни, партия мүшелері мен қарапайым адамдар да жемқорлыққа төзбейтіндіктерін көрсетуі тиіс. “Ауруды емдегенше, ауырмаудың жолын ізде” демекші, қазір осы бағытта арнайы бағдарлама құрастырылуда.

Жиында партия жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы да сөз болды. Оларға жыл басталғалы бері 24 солтүстікқазақстандық өтініш білдіріпті. Солардың 15-і бойынша тиісті шаралар қолданылса, тағы 6 азаматтың шағымы қарастырылып жатыр.

Сайран Хамзин – қалалық мәслихаттың депутаты:

-Қазір біз жемқорлықпен күрес шараларының 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Көп жағдайда біздерге кеңес алу үшін тұрғындар хабарласып жатады. Сондықтан, оларға уақытылы түсініктеме беріліп отырады.

Жиында, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

 

 

Магжан Ахмадина