Спорт

Жерлес палуан әлем біріншілігінен қола жүлдемен оралды

“Баланы жастан” демекші палуанды кішкентай кезінен баптаған алғашқы жаттықтырушы да осы маңнан табылды.

Манап Нұрғожин – Аманғалидің Бекболатовтың тұңғыш жаттықтырушысы:

-Өте алғыр болды. Жарты жылдың ішінде облыс чемпионы атанды.

Көп кешікпей зуылдап жүрдек пойыз да келіп жетті. Сыртқа шыққан жүлдегерді жеңісімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Мен сені облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан құттықтаймын. Жеңісіңмен баршамыздың сенімімізді ақтадың. Әрқашан жеңіске жете бер. Алдағы уақыттарда жүлде тұғырының биік сатысынан көрінуіне тілектеспін.

Айта кеткен жөн, әлем чемпионатында жерлес спортшы 50 келі салмақта өнер көрсеткен болатын. Ең алғашқы кездесуде мексикалық, содан соң америкалық палуанды тізе бүктірген Аманғали ширек финалда үш дүркін әлем чемпионы ирандық спортшыға есе жіберіп алады. Алайда, жерлесіміз ел сенімін ақтап жүлдегер атанғанына қуанышты.

Аманғали Бекболатов – Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері:

 

-Жарыс өте тартысты өтті. Қарсыластарымның барлығы мықты. Өз елдерінің чемпиондары.

Алдағы уақыттарда аздаған демалыстан соң палуанымыз келесі жарыстарға дайындалмақ.

Култанов Байболат