Құқық қорғау органдары

Петропавлда тәртіп сақшыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде

Болат Қаженов, ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы:

-Мұндай оқу-әдістемелік жиын ІІМ-нің мұрындық болуымен 2-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін Ақтөбе, Қостанай және Алматы қалаларында өткізілген. Бүгін талқылаған тақырыбымыз – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы мәдениет пен өзін-өзі ұстау этикасы және жас мамандар тәрбиесі. Жиналғандар керек ақпаратты түртіп алып, көкейдегі сұрақтарын қойып жатыр.

Оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар жеке құраммен тәрбие жұмыстарын жүргізу, оның ішінде діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша тәжірибе алмасты. Мәселен, Ақмола облысы ІІД Степнагорск қаласының ІІБ бастығының орынбасары Еркін Нұрұшев семинардан алған тәжірибемді қызмет бабында пайдаланатын боламын деп отыр.

Еркін Нұрұшев, Ақмола облысы ІІД Степнагорск қаласының ІІБ бастығының орынбасары:

-Мұндай семинарлар біз үшін өте қажет. Мысалы мен өзіме керек көптеген ақпарат алдым. Мәселен қызметке жаңа орналасқан жас мамандарға қатысты жақсы тақырыптар қозғалды. Мәселен, біздің басқармада, жас мамандармен тәжірибесі бар аға буын өкілдері жұмыс жасап, оң-солын танытуға көмкетесіп жатады.

Үш күнге созылатын оқу-әдістемелік жиынның қорытындысында барлық қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болады.

 

 

Акбопе Танирберген