Қоғам

Петропавлда Халықаралық жастар күні тойланды

Сондай ақ, осы кеште рэп өнерін жандарына серік еткен белсенді жастар да көзге түсті. Олар өздері шығарған өлең ұйқастарын халық алдында шабыттана оқыды. Биыл ғана құрылған «96 CLAN» тобы Халықаралық жастар күніне арнап бірнеше өлең жазыпты.

Игорь Попов – «96 CLAN» тобының әншісі:

-Бүгінгі кешке тыңғылықты дайындалдық. Тобымыздағы әншілермен бірлесіп бірнеше ән жаздық. Олардың барлығы мерекеге арналған. Өзіміздің өнерімізбен жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлаймыз деген ниеттемін.

Осыдан кейін мерекелік кеш қыза түсті. Сахнаға жүргізуші хабарынан кейін беттеген «СҚМУ жайдарман құрамасы» әдемі әзілдерін ортаға салды. Әсіресе, қала өмірі мен жастар арасында болатын түрлі оқиғаларды сықақ түрінде сомдаған өнерпаздар халықты қыран-топан күлкінің астында қалдырды.

Мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендер кештен мол әсер алғандықтарын айтады.

-Петропавлда бүгін тамаша күн. Жастар болса мерекені көңілді атап өтуде.

-Мұнда барлығы жақсы. Жастарды мерекемен құттықтаймын.

– Мен саябақта серуендеп жүріп осы маңға келдім. Қарасам барлық достарым осында екен. Мұндай көңілді кешті өткізген барлық ұйымдастырушыларға рахмет.

«OPEN AIR» деп аталған фестиваль қаламызда осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Оның дәстүрлі түрде жалғасуына «СҚО жастар бастамалары орталығы» мұрындық болды.

Нұрсаят Сәркен – СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры:

-Фетивальға 2 айдың көлемінде дайындалдық. Халықтың көңілінен шықтық деп ойлаймын.

Әсем ән мен көңілді би, қағытпа қалжың мен түрлі қызықты ойындарға толы кеш соңы биге ұласты.


 

Култанов Байболат