Қоғам

«Валют транзит банктің» бұрынғы салымшыларына өз қаражаттары қайтарылуда

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-Бүгінгі күні банкке 30 адам өтініш беріп, оның 9-ы 7,5 млн теңгеден өзінің ақшаларын алды. Мұндай адамдардың саны облысымызда – 141. Бұл – комиссияның берген мәліметі. Төленетін сомасы 73 млн теңгеден артық.

Барлық үрдістерді Центр Кредит банкі жүргізеді. Өтініштерді қабылдау тамыз айының 10-ы басталды. Және жыл соңына дейін бұрынғы Валют транзит банкінің салымшылары өз қаражатын қайтара алады. Ал осы уақыт аралығында үлгермеген адамдарға кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жолығуына болады.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-Центр кредиттің филиалына барып, өтініш жазасыз және куәлігіңізді көрсетесіз. Кепілдендіру қоры құжаттарыңызды 5 күн ішінде қарап, сізге тиесілі төлемді қайтарады. Қосымша төлеу елімізде 5 мың адамнан асып отыр. Олардың алатын сомасы – 4 млрд 250 млн теңге.

Мемлекеттік кепілдеме ұлттық валютадағы 10 млн-ға дейінгі, шет елдік валютада салынған 5 млн-ға дейінгі салымдарға беріледі

 

 

Айгерим Ержанова