МТРА жаңалықтары

Демалыс күндері қалада су беру тоқтатылмайды

Осыған дейін ғаламтор қолданушыларына әлеуметтік желі арқылы ауыз судың уақытша тоқтатылатыны жөнінде жолданған СМС хабарлама жалған болып шықты. Кәсіпорын басшылығындағылар су тарату жүйесін жуып-шаю қыркүйек айына жоспарланған дейді. Ал қазір серіктестік ағымдық жөндеу жұмыстарын суды тоқтатпай жүргізуде.

Азамат Асриев – “Қызылжар су” ЖШС орталықтандырылған диспетчерлік қызметінің басшысы:

-Тіршілік көзі уақытша тоқтатылған жағдайда біздің кәсіпорын міндетті түрде ол жайында тұрғындарға ескертеді. Көбіне бұл жаңалықты қалалықтарға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жеткіземіз.

 

Бакыт Садуакасов