Қоғам

Этно-мәдени орталықтардың өкілдері облыстық қуыршық театрының актерларымен кездесті

Айта кеткен жөн, әзербайжан орталығы облыста алғашқылардың бірі болып құрылған. Олар үстіміздегі жылдың мамыр айында өздерінің 20 жылдықтарын атап өтті. Қазіргі күні қауымдастық өкілдері достық пен татулықты нығайту мақсатында елеулі істер атқаруда. Бүгіндері теріскей жерінде 2000 мыңға жуық әзербайжан халқының өкілдері тұрады. Өзге елде тұрсақ та, ана тілімізде сөйлеп, дәстүр мен салтымызды анық дәріптей аламыз дейді,- СҚО әзербайжан мәдени орталығы басшысының орынбасары Чингиз Курбанов. Жерлесіміз бұл да бір елдегі тұрақтылықтың көрінісі екенін айтуда.

Чингиз Курманов – СҚО Әзербайжан мәдениеті орталығы басшысының орынбасары:

-Облыстық қуыршақ театрының әртістері балалармен көп жұмыс жасайды. Сондықтан, олар кішкентай жеткіншектерге басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын таныстырса дейміз. Сонда болашақ ел тізгінін ұстар патриоттар тәрбиеленетін болады.

 

Култанов Байболат