Қоғам

Ұлт жоспарында айтылған маңызды мәселелер талқыланды

Александр Плотко – «Свитанок» украин орталығы» ҚБ төрағасы:

-Мұнда әскери борышын өтеуге келген жастар еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған. Олар үйреншікті ортаны тастап, осында әскери борыштарын өтеуде. Сондықтан ең алдымен, сарбаздардың басын тоғыстырып, патриоттық рухта тәрбиелеу қажет. Яғни, олардың бойларына Отанға, туған жерге деген құрметті сіңіріп, елімізді мекендеген көптеген ұлттармен бірлікте, сыйластықта өмір сүруге шақыру керекпіз. Өйткені, бұл жандарға ел қорғаны деген үлкен үміт артылып отыр. Сондықтан біздің жастар бұл міндетті абыроймен өткеруі тиіс.

Елбасы жариялаған реформа барлық маңызды салаларды қамтыған. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мықты мемлекеттер қатарынан көрінбек. Сондықтан ел тыныштығын күзетіп, Отаны үшін қасық қаны қалғанша күресуге даяр әскерилер де мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді адал, әрі қалтқысыз атқаруға даяр.

Дулат Әбілмәжинов- 6637 әскери бөлімінің әлеуметтік-құқықтық және тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі:

-Бұл 100 қадам елімізді экономикалары дамыған елдер қатарына жеткізеді. Жалпы ұлтымыз, еліміз үшін маңызды деп ойлаймын. Еліміздің басты бағдарламаларының бірі. Сондықтан Қазақстандық әрбір азамат оны біліп, жүзеге асыруға тырысу керек.

Алдағы уақытта осындай семинарлар білім саласы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында және денсаулық сақтау мекемелерінде өткізілмек.

 

 

Магжан Ахмадина