Қоғам

Петропавлда Конституция күні мерекесі кең ауқымда тойланбақ

Әлия Бейсенова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

-Мереке таңғы сағат 11-де орталық алаңда “Салт дәстүр” облыстық фестивалімен ашылады. Онда қазақ ұлтының әдет-ғұрыптары мен сәндік-қолданбалы қолөнер туындылары жұртшылық назарына ұсынылмақ. Негізгі мерекелік шаралар әдеттегідей орталық алаңда, мәдениет және демалыс саябағында және Тәуелсіздік стелласында өтеді. Күні бойы аталған орындарда концерттер, түрлі спорттық ойындар, жанұялық бағдарламалар мен акциялар ұйымдастырылады. Жалпы осы күні барлығы 22 мерекелік бағдарлама өткізу жоспарланып отыр.

Күннің 2-жартысында облыстық филармонияның ұжымы концерт қояды. Сондай-ақ, осы жерде тұрғындар мен қала қонақтары үшін ұтыс ойындары ойнатылмақшы. Мәдениет және демалыс саябағында арқан тартыс, тоғыз құмалақ сындық қазақтың ұлттық ойндарынан сайыстар өткізу көзделген.

Әлия Бейсенова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

-Түрлі халықтың әндері шырқалып, билері биленеді. Фестивалге облыстық, аудандық этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысады деп күтілуде. Достық үйінің маңында бағбандар мен гүл өсірушілердің “Өңір берекесі” атты фестивалі өтеді. Шараға флористер, дизайнерлер қатысуы тиіс. Бұл шараларға ат салысуға біз барлық қала тұрғындарын шақырамыз.

Қазақстан Конституциясы көшесінде “Елдің негізгі заңы” атауымен көрме өтеді. Онда қаламыздың қолөнер шеберлері өз бұйымдарын сатылымға шығарады. Достық үйі жанында бал жәрмеңкесі өтеді. Онда өңір омарташылары арасында да байқау ұйымдастырылмақшы.

 

 

Берик Касен