МТРА жаңалықтары

Өңірдің даму көрсеткіші

Олардың үлесі-80 пайызды құрап отыр. Тағы астық пен құрылыс материалдары, көлік, ауыл шаруашылығы мен орманшыларға қажетті қондырғылар, бензин мен сұйық отынның өзге түрлері сұранысқа ие. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек, алкоголь және темекі өнімдері, автокөлік бөлшектері мен сүт өнімдерін де халық өзгелерге қарағанда көп тұтыныпты. Қазір облыс қорында 60 млрд. теңгенің тауары сақтаулы. Ал бөлшектік саудаға келер болсақ, 2014 жылы оның көлемі- 158,3 млрд. теңге болған.

Сатылған азық-түлік өнімдерінің көрсеткіші- 44 млрд. теңгені құраса, соның 17 пайыздан астамы ет өнімдеріне тиесілі. Сүт пен ішімдік өнімдері-13 пайызды, нан, май, көкөніс және жеміс-жидектер 10 пайыздан төмен көрсеткішті құрап отыр. Кондитер және темекі өнімдері, балық, шай мен кофелердің сатылымы- 5 пайыз. Азық-түлік емес өнімдер жайлы айтатын болсақ. Мұндағы кіріс көлемі 114 млрд теңгеге жеткен. Тұрғындардың басым бөлігі мотор сұйықтығы мен киім-кешек және автокөлік сынды тауарларға сұраныс туғызған. Мұнда да тауар көлемінің жартысынан астамы петропавлдықтардың еншісінде болса, 9 пайызы-Ғ. Мүсірепов және 5 пайыздан астамы тайыншалықтарға тиесілі. Тауарлық қор 25 пайызды құрайды.

 

Магжан Ахмадина