Құқық қорғау органдары

Облыста “Жасөспірім” жедел алдын алу шарасы жалғасуда

– Біз мұнда келе жатқанда қашып кетпек болдың. Неге?

– Мен қашпадым. Шығып компьютердің алдына барып отырдым. Тағы да түсіндіремін. Мен онда құрбымды күтіп отырдым.

– Кешкі уақытта көшеде жүруге болмайтынын білмейсің бе?

– Мен бәрін өте жақсы білемін. Тек үйшіктің ішінде отыра тұрмақшы болдым. Ешкімге, ештеңеге соқтығыспай таксиге отырып үйіме қайтар едім.

Нәтижесінде студенттің ата-анасы мен жазғы дәмхананың әкімшілігі жауапқа тартылады. Ал, жасөспірімнің өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Павел Ходько – Петропавл қалалық ІІБ ювеналдық полиция инспекторы:

-Аталған мекеме басшылығына қатысты “Кәмелеттік жасқа толмағандарды түнгі уақытта көңіл көтеру орынына кіргізуіне” байланысты 132-ші бап бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ, ата-анаға да 442-баптың 2-бөлімінде көрсетілгендей, “Жасөспірімнің түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүруіне” байланысты айып салынады.

Облыс бойынша “Жасөспірім” операциясына ішкі істер басқармасының 400-ден астам қызметкері жұмылдырылған. Полицейлер осылайша, кәмелетке толмағандар арасында тіркелетін қылмыстарды болдырмай, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. Рейд басталған бірінші күннің өзінде тәртіп сақшылары түнгі уақытта көше кезген 84 жеткіншекті анықтаған. Аталған шара тамыздың 13-не дейін жалғасады.

 

 

Акбопе Танирберген