Білім

Мектепке жол акциясының шарапаты 7-ші орта мектепті де айналып өтпеді

Мархабат Сафуанова, Петропавл қалалық №7 орта мектебінің оқушысы:

-Маған осындай көмек көрсетіп жатқанына қуаныштымын. Анаа үлкен қоодау.

Қазақта «Біреуге жасаған жақсылығыңды айтпа, сауабы болмайды» деген ұлағатты сөз бар. Балалардың мектепке дайындығына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер осы сөзді ұстанса керек. Қайырымдылыққа қанша теңге жұмсағандарын жасырып, мұндағы ұстаздардан өздерінің атын атамауын өтінген екен.

Жанаргүл Бейсекеева, әлеуметтік ұстаз:

-№7 орта мектепте 1021 оқушы бар. Оның 92-і аз қамтылған отабасылардан шыққан, жетім және асыранды балалар. Бүгін оның ішінен демеушілер көмегін қажет ететін 17 оқушыны таңдап алдық. Балғындардың мектепке қажетті дүниелерінің біразы түгенделіп қалды. Балалардың жағдайын елеп-ескеріп отырған азаматтарға алғыс білдіргім келеді.

Тамыздың бірінен басталған шара аясында алдағы уақытта өзге оқушыларға да көмек көрсету жоспарланған.

 

 

Акбопе Танирберген