Құқық қорғау органдары

СҚО жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны азайды

Шара барысында 202 жасөспірім есепке алынған. Сонымен қатар, 200-ден астам ата-ана ішімдік ішіп, өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін ювеналдық полициялардың қатаң бақылауына алынды. Жалпы өңірімізде 359 жағдайы төмен отбасы бар. Соған қарамастан, мамандардың айтуынша, жеткіншектер арасындағы қылмыстың саны былтырғымен салыстырғанда 10,4%-ға қысқарған. Аталмыш іс-шара тамыз айының 13-не дейін жалғаспақ.

Айдана Кәрібаева – полицияның ерікті көмекшісі:

-Біздің учаскелік полицейлерге көмегіміз зор. Басты міндетімізге заңбұзушылық жасаған тұлғалардың тұспалдауларын қабылдау кіреді. Сонымен қатар, тұрғындар бізге келіп, анықтама мен мінездеме ала алады. Оларды азаматтарды қабылдауға арналған журналға тіркейміз. Көбіне тәртіп сақшылары тыйым салынған жерде алкогольдік өнім ішіп, темекі шеккен адамдарды әкеледі. Сол азаматтардан біз саусақтар таңбасын аламыз.

 

Айгерим Ержанова