Құқық қорғау органдары

Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл

Яғни, ведомство мамандары еліміздің Ата заңы – Конституцияда көрсетілген баптарға сүйеніп, әрекет етеді. Бұл орайда проурорларға жүктелген міндет салмақты. Тек биылғы жылдың алғашқы алты айында еңбекақысын ала алмай, құқығы еленбеген екі жарым мың жерлесімізге прокурорлар көмек көрсеткен.

Арман Құсанов – СҚО прокуратура аппаратының жетекшісі:

-Еліміздің Конституциясында азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты отыз бап бар. Онда сонымен қатар, барлық азаматтардың тілі мен дініне, атқаратын қызметіне қарамастан, Заң алдында құқықтары тең екендігі айтылған.

Ал ата заңымыздың сексен үшінші бабында прокуратура органдарының негізгі жұмыс бағыттары көрініс тапқан. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғаудан бөлек, олар соттарда мемлекеттік айыптаушы қызметін атқаратыны белгілі. Айта кетейік, осы жылы еліміздің құрылымын нақтылап, отандастарымыздың бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құжаттың қабылданғанына жиырма жыл толғалы тұр.

Гүлмайра Кенжеболатова – облыстық прокуратурасының бас маманы:

-Биыл Ата Заңға 20 жыл толғалы тұр. Конституциядағы әрбір бап ел азаматтарының құқықтарын қорғайтын басты құжат болып саналады.

Прокуратура қызметкерлері жерлестерімізге конституциялық құқықтары бұзылған жағдайда, бірден облыстық прокуратураның 36-65-17 сенім нөміріне хабарласу қажеттігін еске салады.

 

 

Бакыт Садуакасов