Мәдениет

Облыстық филармонияның ғимараты жөнделіп жатыр

Мейрам Дюсеков, “Темірлан ЛТД” ЖШС прорабы:

-Негізгі жұмыстарды білікті мамандар атқаруда. Кіре беріс, дәліз жалпы алғанда, ғимараттың ішін толығымен әрлеп, қабырғаларына басқаша өң береміз. Қолданып жатқан материалдарымыз сапалы.

Филармонияның 850 орынға шақталған үлкен залында орындықтар жаңасына алмастырылып, сахна жаңа кейіпке енбек. Бұл жұмыстарға 50-ге тарта адам тартылған. Оның 10-ы жалдамалы жұмысшы. Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті Дархан Жәнібек ата-анама салмақ түсірмей, 2-3 айлық оқудың ақысын өзім еңбек етіп төлегім келеді дейді.

Дархан Жәнібек, Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

-Жұмысым қиын емес. Төбені сырлаймын. Бұл істің болашақта маған пайдасы тиер деп ойламын. Мұнда қауіпсіздік шаралары сақталады. Уақытында тамағын беріп тұрады. Жалақысы да жаман емес.

Облыстық филармония ғимаратын жөндеу жұмыстарына өңір қазынасынан 200 млн. тг. бағытталды. Мұндағы шаруа қараша айының соңында тәмамдалмақ.

 

Берик Касен