Спорт

Солтүстікқазақстандықтарға Ж. Үшкемпіров туралы деректі фильм көрсетілді

Ол 1 сағатқа созылған бейнебаянды түсіруге 3 айдан артық уақыт жұмсаған. Бас кейіпкердің келісімін алған режиссерге Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау танытыпты.
Фильм барысында Жақсылық Үшкемпіровтің жеңіске жету жолында қаншалықты тер төккені баян етілсе, достары мен әріптестері чемпионның адами қасиеттері мен спорттық ептілігіне тоқталады. Бейнематериал ұрпаққа өмірдегі барлық кедергілерді жеңе білуді, белгілі бір жетістікке жету үшін аянбай еңбек ету қажеттігін ұғындырады. Туынды орыс тілінде түсірілген. Продюсері Майра Қарсақбаева фильм алдағы уақытта міндетті түрде қазақ тіліне аударылады дейді.

Майра Қарсақбаева – «Жеңіске құштарлық» деректі фильмінің продюсері:

-Фильмнің мақсаты – өскелең ұрпаққа Жақсылықтың өткен жолын дәріптеу. Ол кісінің үлкен жеңісін, қйсарлығын бүгінгі жастар біліп жүруі міндет.

 

Акбопе Танирберген